Павлодар облысында полицейлердің саптық байқауы өтті
Павлодар облысында полицейлердің саптық байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 тамызда Шарбақты ауданының полиция бөлімінде жеке құрам мен қызметтік автокөліктің саптық байқауы өтті. Байқауды полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков жүргізді.
Саптық байқауды өткізудің мақсаты – бөлімшелерге бекітілген автомобильдердің техникалық жай-күйі мен сыртқы түрін тексеру, сондай-ақ қызметтік автокөлікті жөндеу қажеттілігін анықтау.
Байқау барысында Нұрғали Нұржанұлы автокөліктің техникалық жағдайын, стационарлық радиостанцияның, бейне тіркеудің болуын, арнайы құралдармен және мүлікпен қамтамасыз етілуін жеке өзі тексерді. Сондай-ақ, жол парақтарын, дәрі қобдишаларының, өрт сөндіргіштердің, авариялық белгінің және автокөлікті басқару құқығына тиісті құжаттардың болуын тексерді. Жеке құраммен жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы нұсқаулық өткізілді.
Сонымен қатар, қызметкерлердің саптық байқауы өткізілді. Полицей қызметкерлердің қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киімнің жай-күйін, жетондар мен төсбелгілердің болуын, қызметтік куәліктердің сәйкестігін, саптық түзеуді және құқық қорғау күзетінің сыртқы түрін тексерді.
– Жеке құрамның осындай байқаулары тәртіпті және ұйымшылдықты нығайтуға көмектеседі. Полиция қызметкерінің сыртқы келбеті бүкіл полицияның беделін көрсетеді. Сондықтан полицейлер тартылып, нысанды киім кию ережелерін сақтауы қажет. Барлық полицейлер азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы және әдепті болуы тиіс, – деп атап өтті Нұрғали Омарбеков.