Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық күш құрылымдары арасында Президенттік тесттен жарыс өтті

Солтүстікқазақстандық күш құрылымдары арасында Президенттік тесттен жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының стадионында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы спартакиаданың алтыншы түрінен сайыс өтті. Күштік ведомстволардың 12 дене шынықтыру ұжымы Президенттік мильді еңсеруден сынға түсті. Әр командадан 30 жасқа дейінгі және одан жоғары жас санаттары бойынша екі-екіден ерлер мен әйелдер сайысты. Ер азаматтар 2400 метр қашықтықта, ал нәзікжандылар 1500 метр қашықтықты жүгіріп өту керек болды.

Жасы жоғары топта әйелдер арасында мәреде бірінші болып Татьяна Долбышева болды, таймер 6 минут 10 секундты көрсетті. Ерлер арасында 8 минут 11 секунд нәтижесімен Игорь Дрозь көшбасшы атанды. 30 жасқа дейінгі қыздар арасында қашықтықты 6 минут 32 секундта Дарина Бильденова еңсерді. Ерлер арасында Нариман Тәшімов жеңіске жетті. Оның нәтижесі – 8 минут 14 секунд.

Осылайша, ПД аппаратының командасы әр топта жүгіруден бірінші орынды иеленіп, жарыстың жеңімпаздары атанды. Екінші орынды Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері еншіледі. Үшінші орынды Тайынша ауданының полиция бөлімі қызметкерлерінің біріккен командасы алды.

– Дене шынықтыру және спорт – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығының маңызды бөлігі. Мұндай іс-шаралар команданың бірлігін күшейтеді, спортшылар табандылықты, жеңіске деген ерік-жігерді көрсетуде, – дейді СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Жанат Сағденов.

Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Спартакиаданың соңғы жетінші түрі – самбо күресінен жарыстар қыркүйек айында өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру