Павлодар облысында туысқандар бір-бірінің үстінен арыз жазған
Павлодар облысында туысқандар бір-бірінің үстінен арыз жазған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 шілдеде Песчаное ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны 56 жастағы туысына дөрекі сөйлеп, тіл тигізген. Жанжалдың салдарынан жасөспірім сол туысынан таяқ жеп, алған жарақатымен медициналық көмекке жүгінген. Жанжалға қатысқан екі адам да полицияға жүгінді.
Аталған факті бойынша кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Сондай-ақ, құқық бұзушы туысқанға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-2-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.