ШҚО-да 90-нан астам тұрғын жарамсыз қызыл төлқұжаттармен өмір сүріп келген
ШҚО-да 90-нан астам тұрғын жарамсыз қызыл төлқұжаттармен өмір сүріп келген, – деп хабарлайды Polisia.kz
ШҚО бойынша Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері күн сайын жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын, сондай-ақ 1974 жылғы КСРО паспортын уақытылы ауыстырмаған адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Айта кетсек, жыл басынан бері осы күнге дейін КСРО-ның қызыл паспорттарымен өмір сүген ШҚО-да 90-нан астам азамат анықталды. Олардың бірі 1983 жылы Ресей Федерациясынан көшіп келген 54 жастағы Шемонаиха ауданының тұрғыны, ол 16 жасқа толғаннан кейін 1974 жылғы КСРО паспортымен құжатталған, ал бірнеше жылдан кейін оны жоғалтып алған.
Шемонаиха ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның Шығыс Қазақстан филиалының заңгерімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы арқылы Ресей Федерациясынан шет мемлекеттің азаматтығының жоқтығы туралы қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетті.
Бүгінгі таңда ер адам көптен күткен құжатты алды, енді ол барлық мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады. Осыған байланысты ШҚО бойынша ПД қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне хабарласуға кеңес береді.