Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда тұрмысы нашар 69 отбасы полиция есебінде тұр

Екібастұзда тұрмысы нашар 69 отбасы полиция есебінде тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 тамызда Екібастұз қаласының Шідерті кентінің аумағында полиция қызметкерлерімен кезекті рейд өткізілді. Оның барысында есепте тұрған отбасыларды тексеру жүзеге асырылды. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарының өмір сүру жағдайларын анықтады. Полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдіктерді ішудің алдын алуға және ата-ана міндеттерін тиісті түрде орындауға бағытталған заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер өткізді. Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасыларда, ата-аналар көбінесе алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын, бұрын сотталған, жұмыс істемейтін және нәтижесінде балаларын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерімен айналыспайтын отбасыларда балалар ата-ана қамқорынан тыс қалады.

Бүгінгі күні Екібастұз қаласы ПБ профилактикалық есепте 69 қолайсыз отбасы және 18 кәмелетке толмаған тұр. Түзелуіне байланысты – 12 отбасы, 18 жасқа толуына байланысты 7 тұлға профилактикалық есептен шығарылды, 3 кәмелетке толмаған арнайы мектепке жіберілді.

– Жыл басынан бері 82 ата-ана балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны, балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болғаны үшін 340 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

 

– 1 маусымнан бастап жазғы демалыс кезеңінде 10 858 баланы қамтитын 36 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Оқушылардың еңбек жасақтарына 600 жасөспірім тартылған. Балалар жылы аясында Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп 500 жасөспірімді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын сақтай отырып, жұмысқа орналастыру ұйымдастырылды, – деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру