Ақмола облысында жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысты
Ақмола облысында жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 тамызда «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1293 шақырымында HONDA мотоцикл жүргізушісі Теміртау қаласының 33 жастағы тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласы бағытында жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, елорданың 49 жастағы тұрғынының басқаруымен алда келе жатқан HOWО жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Аршалы полиция бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.