Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі ақмолалық тұрғын желілік алаяқтардың тұзағына түсті

Екі ақмолалық тұрғын желілік алаяқтардың тұзағына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 тамызда Ерейментау ауданының полиция бөліміне интернет-алаяқтық фактілері бойынша жергілікті тұрғындардан бірден екі өтініш келіп түсті. Әйелдер капиталды көбейтуді ұсынған белгісіз тұлғаларды тыңдап, желілік алаяқтыққа тап болғанын айтты.

Бірнеше күн бұрын Одноклассники әлеуметтік желісінде жәбірленушілердің жеке поштасына “қызықты ұсыныспен” хабарламалар түскен. Белгісіз біреулер банктердегі шоттарда сақталған ақшаны көбейтуді ұсынған, ал өтініш берушілерден тек карталардың деректері ғана қажет болған.
Алаяқтық туралы ойламаған әйелдер карта нөмірлері мен артқы жағындағы CVV-кодын жіберген. Осының нәтижесінде сол күні бір өтініш берушінің шотынан 400 мың теңге, екінші шоттан – 180 мың теңге есептен шығарылған. Бірнеше күннен кейін олар алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ақпарат жинаумен және оқиғаның барлық жағдайларын анықтаумен айналысуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру