Павлодар облысында учаскелік полицейлер 127 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады
Павлодар облысында учаскелік полицейлер 127 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биылғы жылдың жеті айында Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары 127 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 1877 отбасылық жанжал тұрмыстық саладағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілікке тартылды, 207 дүкен иесі ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін жазаланды. Лицензия тек 132 дүкен иесінде ғана болған (ҚР ӘҚБК 463-бабы).
Облыстың 4822 тұрғыны жалпы пайдалану орындарын ластады, бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 1433 азамат ұсақ бұзақылық жасады (ҚР ӘҚБК 434-бабы), 3240 тұрғын тыныштықты бұзды, осылайша бейбіт азаматтарға кедергі келтірді (ҚР ӘҚБК 437-бабы). Бұзушылықтардың негізгі бөлігін алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде болу фактілері құрайды, ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша 6872 тұрғын жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 4142 азаматқа қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды, оларды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша 745 отбасылық жанжал тартылды. Полицияның өтініштері бойынша қосымша ықпал ету шарасы ретінде соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 502 ерекше талап қойды, оның ішінде 430 құқық бұзушыға алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды.
Алкоголь мен нашақорларды қолдануға бейім облыстың 237 тұрғыны наркологиялық диспансерге мәжбүрлеп емдеуге сотталды.
Учаскелік инспекторлар қылмыстарды ашуға өз үлестерін қосуда. Осы жылдың жеті айында учаскелік полиция инспекторлары 974 қылмысты ашты.