Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда мас жүргізуші жауапкершіліктен жалтармақ болды

Петропавлда мас жүргізуші жауапкершіліктен жалтармақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңертең Петропавлда полицейлер масаң күйде Volkswagen Golf автокөлігінде отырған 32 жастағы қала тұрғынын жауапкершілікке тартты. Медициналық куәландыру нәтижесі оның масаң күйде екендігін көрсетті. Ер адам тәртіп сақшыларын жүргізуші орындығында отырдым, ешқайда барар ойым болған жоқ деп сендірмек болған. Алайда полицейлерде бұлтартпас дәлел: шетелдік көліктің қозғалғаны және түнде тұраққа қойылған басқа көліктердің жанынына тоқтағаны тіркелген бейнежетондағы жазба болды. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Соттың шешімімен әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлікті басқару құқығынан айырылды.

 – Құқық бұзушылардың жауапкершіліктен жалтаруы жиі кездеседі. Бейнежетондар — барлық дауды объективті шешудің сенімді құралы. Аталған факті 19 шілден бастау алған «Қауіпсіз жол» акциясы аясында анықталды. Осы уақыт аралығында облыс орталығында 26 мас жүргізуші тоқтатылды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

Акция аясында полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін ЖЖЕ өрескел бұзушылыққа ерекше көңіл бөледі — осылайша маневр жасау қағидаларын бұзудың 12 фактісі, 66 жағдайда жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу фактісі тіркелген. Акция өткізілген уақыт ішінде қала жолдарында барлығы 1700-ден аса түрлі құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру