Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында түнгі уақыта ата-анасыз көше кезіп жүрген 206 бала анықталды

Абай облысында түнгі уақыта ата-анасыз көше кезіп жүрген 206 бала анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-17 тамыз аралағында Абай облысы бойынша «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейдтік іс шаралар өткізілді. Онда полиция қызметкерлерімен 206 жасөспірім түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс ата-анасының еріүін із жүргені үшін анықталды.

Іс-шараның негізі – кәмелеттік жасқа толмағандардарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу. Ойын-сауық орындары тексеріліп, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді өткізу фактілерінің жолын кесу мақсатында ювиналдық полиция тобының қызметкерлері рейд өткізді.

Рейд барысында 4 ойын-сауық мекемесінің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершіліке тартылды.

Профилактикалық алдын алу іс-шарасын өткізуде облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Б.Амангелді ерекше бақылауға алып, жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция инспекторларымен бірлесе көңіл сауықтыру орындарын тексеріп, кәмелеттік жасқа толмаған балалармен жұмысты жандандыру бойынша тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру