Павлодарлық полицейлер мектеп автобустарын тексеріп жатыр
Павлодарлық полицейлер мектеп автобустарын тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқу жылының басталуымен облыс жолдарында балалар мен студенттерді тасымалдайтын автобустардың саны артады. Жол қозғалысы қауіпсіздігі, балалар жарақатының алдын алу мақсатында полиция мектеп автобустарына тексеру жүргізуде.
Мәселен, Ертіс ауданының ПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Павлодар облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп балаларды тасымалдайтын көлік құралдарын тексерді.
– Көлікте өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының болуы, сондай-ақ жарқылдауық маяктардың, дыбыстық және жарық сигналдарының жұмысы тексерілді. Сондай-ақ, әрбір жолаушы орындығында орнатылуы тиіс қауіпсіздік белдіктерінің жұмыс қабілеттілігі тексеріледі, – деп атап өтті Ертіс ауданының полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.
Сонымен қатар, автобустар жүргізушілерінің жүргізуші куәліктері тиісті санаттың бар-жоғы тексерілді.
Автобустарды тексеру барысында кейбір кемшіліктер анықталды. Мысалы, сигнал түймелері болмады. Автобустар түсіне сәйкес келмейді – сары түсті болуы тиіс.
Тексеру қорытындысы бойынша аталған ескертулер Ертіс ауданының білім бөліміне жою үшін жіберілді.