Шымкенттік тұрғын көлігімен кері қарай жүрген
Көлігімен кері қарай жүрген шымкенттік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 тамызда түнгі сағат 01:20 уақыт шамасында Қонаев даңғылының бойында Lada 21140 жүргізушісі көлігімен кері қарай жүріп, өзгелердің қозғалысына қасақана кедергі келтірген.
Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері аталған көлік жүргізушісін өзге көлік құралдарының жүруіне авариялық жағдай туғызғанын бірден байқаған. Құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында тәртіп сақшылары аталған көлік құралын дер кезінде тоқтатты. Жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдарының жүрісіне қасақана кедергi келтіру), ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігі (Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соғу), ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 2-бөлігі (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігі (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік құралы айыптұраққа қойылды.