Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есептегі екі сотталған қамауға алынды

Түркістан облысында есептегі екі сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сарыағаш ауданында екі сотталған заңды қаскөйлікпен бұзып, сот жүктеген жазаның өтелмеген бөлігін абақтыда өтейді. Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде 235 сотталған азамат есепте тұрады. Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзып, темір торға қамалады.

Бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған Дүйсенбай мен Еркін Сарыағаш аудандық соты бойынша пробация есебіне алынған болатын. Өздеріне берілген мерзімде құқық бұзушылыққа жол бермей, өзіне жүктелген міндетті орындамаудың салдары қатаң жазаға алып келіп соғатынын әсте ойламаса керек. Олар қоғамға келтірген зиянды әрекетінен сабақ алмай «Учаске» профилактикалық іс-шара барысында тіркелуге келмей, кешкі уақытта тұрғылықты мекен-жайында болмай, сондай-ақ, ақысыз еңбекті орындаудан бас тартқан. Сот үкімімен белгіленген жазаның орындалу тәртіптерін өрескел қаскөйлікпен бірнеше рет бұзғаны үшін Сарыағаш аудандық сотымен бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.

– Жаза тағайындау кезінде сот барлық факторларды ескеріп, сонының ішінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, адамға жаза тағайындайды. Осы орайда Сарыағаш аудандық пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған 235 адам тұрады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстерінде сотталған есептегі адамдардың жаза өтеу барысында міндеттері мен шарттары айқындалған. Пробация қызметінің қызметкері адамды тіркеуге алған соң, оған сот үкімімен берілген жазаны, оның міндеттері мен жазаны өтеу шарттарын түсіндіріп, ол адамнан қолхат, міндеттемелер алады. Дегеммен, сотпен сотталған адамға үкім тағайындау барысында түзеу мекемесіне жолдамай-ақ, қоғамнан оқшауланбай түзелуі мүмкін деген соттың сенімін ақтамай, берілген мүмкіндікті пайдалана алмайтындар да бар, – деді Сарыағаш аудандық пробация қызметінің бастығы Қуандық Бақтиярұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру