Жезқазғанда қараусыз жайылып жүрген малдың иелері жауапқа тартылуда
Жезқазғанда қараусыз жайылып жүрген малдың иелері жауапқа тартылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жезқазған қаласының көшелерінде қараусыз жайылып жүрген малдардың иелері заң аясында жауапқа тартылып, айыппұл салынуда. Жезқазған қаласында қолға мал ұстайтын қала тұрғындары және қалаға іргелес ауылдық округтердегі тұрғындардың малдарын көшеге жайып, қараусыз қалдыру фактілері жиілеген. Қараусыз мал көшедегі ағашты көшеттеріне зияны тиіп, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына кедергі келтіруде.
Қазіргі уақытта Жезқазған қаласында қараусыз қалған малдарды қамайтын арнайы орында көптеген мал қамауда тұр.
– Жыл басынан бері тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-тің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу туралы) бойынша 81 хаттама толтырылды. Қала көшелерінде қараусыз жүрген малдарды арнайы орынға қамап, заң аясында хаттама толтырамыз. Малы қамалған азамат айыппұлмен қатар, малдарына берілген жем-шөптің де ақысын арнайы бекітілген тарифпен төлейтін болады, – дейді Жезқазған қаласының ПБ бірінші орынбасары Аманжол Кәрімов.