Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүк көлігі мен автобус соқтығысты 

Ақтөбеде жүк көлігі мен автобус соқтығысты қалды. Медициналық мекемеге жүк көлігінің жүргізушісі мен автобустың бір жолаушысы жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Осы жылдың 23 тамызында Есет батыр шағын ауданына қарсы қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. 37 жастағы Shacman жүк көлігінің жүргізушісі Yutong қоғамдық көлігіне жол бермей, соқтығысуға жол берді.

Жол апаты салдарынан 37 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі мен автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Жыл басынан бері облыста қоғамдық көліктің қатысуымен 13 ЖКО тіркелді, 13 адам жарақат алды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарға жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру