ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы анаға көмек көрсетті
«Мектепке жол» акциясы аясында Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Талғар аудандық пробация қызметінің қызметкерлері көп балалы анаға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны мүгедек болып табылады және алты бала тәрбиелеп отыр. Олардың үшеуі мектепте оқиды. Пробация қызметкерлері мектеп оқушыларына арналған рюкзактар мен кеңсе тауарлары түрінде материалдық көмек көрсетті.
– Жыл сайын Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» акциясы өтеді. ҚАЖ қызметкерлері бұл акцияға белсене қатысады, – деп атап өтті департамент бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.