Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық тұрғыннан киік мүйіздері тәркіленді

Маңғыстаулық тұрғыннан киік мүйіздері тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

18 тамызда Бейнеу ауылында жедел-профилактикалық іс-шара барысында киік дериваттарының заңсыз айналымына күдік бойынша жергілікті тұрғын ұсталды. Жеке үйді тінту кезінде 198 дана киіктің мүйізі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Еске сала кетейік, заңнамаға сәйкес киіктерді заңсыз аулағаны, иемденгені, сақтағаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру