Жетісуда көлік терезесін күңгірттеген жүргізуші жауапқа тартылды
Жетісуда көлік терезесін күңгірттеген жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол ережесін бұзуға жол берген Toyota Camry жүргізушісі анықталды, ол көліктің алдыңғы бүйір әйнектерін күңгірттеп, жалған МТНБ пайдаланған. Тәртіп бұзушы Алакөл ауданының 32 жастағы тұрғыны болып шықты, ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған бейнежазба екі ай бұрын түсірілгені белгілі болды. Қазіргі таңда автокөлік тәркіленіп, мамандандырылған тұраққа қойылды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК – нің 590-бабы 4-бөлігі (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған МТНБ бар КҚ басқару, сол сияқты МТНБ сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған МТНБ бар КҚ басқару) және 5-бөлігі (Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар КҚ басқару), сонымен қатар 601-бабы 1-бөлігі (Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) бойынша хаттама толтырылды.