Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көліктің аккумуляторын ұрлағандар ұсталды

Алматыда көліктің аккумуляторын ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Топтың құрамында үш жігіт болды. Үлкені 21 жаста, кішісі 18-де.

– Жастар ауданымызда жүріп, заңсыз баю мақсатында тұрғын үйлердің ауласында тұрған көліктердің аккумуляторларын шешіп алып жүргендері анықталды. Түрлі маркалы көліктер қылмыстық қол сұғушылықтың нысанына айналды. Бірнеше аккумулятор тәркіленіп, қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркелді. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 21 жастағы С. есімді азамат, 18 жастағы Н. есімді азамат және 20 жастағы С. есімді азамат ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктілер осыған ұқсас 10 эпизод бойынша өз істерін мойындады. Тергеу барысында күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру