Жамбыл облысында жазғы демалыста полицияға 1,5 мыңнан астам жасөспірім жеткізілді
Жамбыл облысында жазғы каникул кезінде полицияға 1,5 мыңнан астам жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы демалыс кезінде облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды болдырмау бойынша мобильді топтардың жұмысы күшейтілді. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда рейдтік іс-шаралар өткізді.
3 ай ішінде ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 1625 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. 1 032 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдердің үйден кетуінің 12 дерегі тіркелді. Барлық балалар табылып, ата-аналарына жеткізілді.
Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде ІІО-да есепте тұрған кәмелетке толмаған балалар полицияның ерекше бақылауында болды. Осы санаттағы жасөспірімдердің 78%-ы бос уақыттарында қызығушылық танытқан істерімен айналысты және жайсыз отбасылардың 37%-ы өз отбасыларына материалдық көмек көрсету үшін жұмысқа орналастырылды.
Сауықтыру лагерлерінде алдын алу шараларын өткізу де маңызды болды. Облыс бойынша 7 лагерьде демалушы кәмелетке толмағандарға қоғамдық тәртіпті сақтау және жеке және мүліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша полиция қызметкерлерінен тәулік бойы жасақтар қойылды.
– Жазғы демалыс кезеңінде облыста 90-нан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді. Білім беру бөлімдерімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, 364 жайсыз отбасы және ІІО есебінде тұрған жасөспірімдердің отбасылары тексерілді. Жастар көп жиналатын орындарда, су айдындарында және демалыс орындарында жазатайым оқиғаларды болдырмауға бағытталған алдын алу жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асырылды, – деді ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуанышбек Қалжанов.