Елордада сотталған пробация қызметкерін балағаттағаны үшін айыппұл арқалады
Елордада сотталған пробация қызметкерін балағаттағаны үшін айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті Алматы ауданының пробация қызметінің аға инспекторы Асем Бейсатовамен пробация қызметі есебінде тұрған Н.есімді сотталған учаскелік пунктіне шақырылған болатын.
Есепте тұрған сотталған Н. учаскелік пунктіне келіп, ғимараттың ішінде жанжал көтеріп, ондағы полиция қызметкерлеріне балапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіптің тыныштығын бұзған.
Аталған жайт бойынша сотталғанға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жадығат жолданған.
6 тамыз Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандырылған ауданаралық сотының қаулысымен сотталғанға қатысты ҚР ӘқБК 667-бабының 1-бөлігімен (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау туралы) әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп 61 260 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ ҚР ӘқБК 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзушылық) бойынша 15 315 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.