Алматы облысы ҚАЖ қызметкерлері ұрланған қару тапты
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемесі қызметкерлерінің көмегімен ұрланған қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемесінің қызметкерлері қаңтарда жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің тұрған жерін анықтау бойынша жедел жұмыс жүргізді.
Анықталған мекенді тексеру барысында ҚАЖ қызметкерлері Талдықорған қаласының ПБ және Ескелді ауданының ТЖТ бірлесіп Ескелді ауданы Жастар кентіндегі аялдаманың жанындағы тастың астынан патрондары жоқ дүкені бар Макаров тапаншасын тауып, тәркіледі.
– Біздің қызметкерлердің қырағылығының арқасында Талдықорған қаласының полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, үйлесімді және жедел жұмыс жүргізілді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.