Өскемен тұрғыны түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған
Өскемен тұрғыны түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО колониясына ұялы телефондар, қуаттағыштар, телефонға арналған гарнитура, 10 литрге жуық белгісіз сұйықтық, 4G WiFi роутерін өткізудің жолы кесілді.
Түнгі уақытта колония қызметкерлері мекеменің негізгі қоршауы арқылы 9 оралған түйірді түрме аумағына лақтырмақ болған Өскемен қаласының 37 жастағы азаматын ұстады.
Тексеру нәтижесінде жоғарыда аталған заттар табылып, тәркіленді.
Тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.