Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддерде жоғалған бала аман-есен табылды

Риддерде жоғалған бала аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қыркүйек күні сағат 22:37-де Риддер бөлімшесінің “102” жедел арнасына мектептердің бірінің директорынан хабарлама келіп түскен. Әйел 8-сынып оқушысы сол күні түстен кейін сағат 10:40 шамасында әжесінің үйінен шығып, мектепке кеткенін, содан кейін ол үйге оралмағанын хабарлаған. Бірақ бала мектепке келмеген.

Осы уақыт бойы баланың туыстары достары мен ұстаздарына телефон соғып, оны өз бетімен іздеген.

Қоңырауға бірден ден қойған Риддер қалалық ПБ-ның барлық жеке құрамы кәмелетке толмаған баланы іздеуге жұмылдырылды, сондай-ақ баланы табуға көмектесуге 20 ерікті келген.

Тәртіп сақшылары түні бойы бала болуы мүмкін орындардың барлығын аралап, көшелерді, үйлерді, аулаларды, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелерді қарап шыққан.

14 қыркүйекте таңғы сағат алтыда баланың өзі ата-анасының үйіне оралды.

Кәмелетке толмаған баламен және оның ата-анасымен Риддер қалалық ПБ-ның басшысы Қанат Синиязов жеке профилактикалық әңгіме жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру