Қазығұрттық полицейлер 62 жастағы ер адамға жаңа құжат алуға көмектесті
Қазығұрттық полицейлер КСРО кезіндегі ескі төлқұжатпен жүрген 62 жастағы ер адамға жаңа үлгідегі жеке куәлік алуға көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қазығұрт ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығына 62 жастағы ер адам келіп көмек сұраған. Яғни, ол КСРО кезіндегі төлқұжатпен жүргенін айтып, жаңа үлгідегі құжат алуға өтініш білдірген. Осы өтініш бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің көші-қон тобының аға инспекторы Есенжан Жанысбаев оның құжаттарын қарап, оған көмектесу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеп берді.
Белгілі болғандай, ер адам осы уақытқа дейін жағдайы болмағанына байланысты КСРО құжатымен жүрген. Ол зейнеткерлікке шығу үшін көмек сұрағанын айтты. Сонымен қатар, көші-қон тобының аға инспекторы Есенжан Жанысбаевқа ерекше алғысын білдірді.
– Осы уақытқа дейін өтініш білдіре алмаған едім. Тез арада полиция қызметкері қажетті құжаттарды жинақтап, төлқұжатымды рәсімдеп берді. Жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деп атап өтті тұрғын.