Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында мас ауыл тұрғыны трактор ұрлап кеткен

Ақмола облысында мас ауыл тұрғыны трактор ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Аршалы ауданында көлік құралын ұрлап әкетудің ерекше түрі тіркелді. Бір елді мекеннен екіншісіне жету үшін ақмолалық МТЗ-82 тракторын ұрлап кеткен. Ауыл шаруашылығы техникасының ұрланғаны туралы елорда тұрғыны аудандық полиция бөліміне мәлім етті.

Өтініш түскеннен кейін бұл факт ҚР ҚК 200-бабы (Айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Мән-жайларды егжей-тегжейлі нақтылау кезінде учаскелік полиция инспекторы 16 қыркүйекте Сарыоба ауылының тұрғыны Костомар ауылының маңында болып, иесіне алдын ала ескертпей, ауылға трактормен жетуге шешім қабылдағанын анықтады.

Кейінірек анықталғандай, ауыл тұрғыны рөлге орта дәрежедегі мас күйінде отырған. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 26 жастағы ақмолалыққа қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Ауыл тұрғынына қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы – келу туралы міндеттеме таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру