Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулаған екі павлодарлық сотталды

Сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулаған екі павлодарлық үш жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Баянауыл аудандық сотының үкімімен Павлодар қаласының екі тұрғыны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігі 2 және 4-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға қатысты 6 жыл мерзімге аң аулау құқығынан айыра отырып, қылмыс құралдарын (мылтықты) тәркілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, келтірілген залал үшін сот мемлекет пайдасына 21 млн теңге көлемінде шығын төлеуді міндеттеді. Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды.

Полицияда бұл факті 2 қаңтарда Баянауыл ауданында Қызылтау ауылдық округінің аумағында болғанын еске салды. Күдіктілер сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулағаны үшін ұсталды. Ұсталғандардан 2 сілеусін терісі мен бір елік еті тәркіленді. Азаматтар “салафизм” деструктивті ағымының өкілдері болып шықты.

Айта кетейік, Павлодар облысында сілеусін аулауға тыйым салынған, ал елік аулауға 2022 жылдың 1 қаңтарынан тамызына дейін тыйым салынған.

Заңсыз аң аулау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру