Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғыны тергеу изоляторындағы досына “сәлемдеме” әкелген

Ақтөбеде тергеу изоляторындағы досына сәлемдеме әкелген азаматтың сөмкесінен өсімдік тектес зат тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге сәлемдеме әкелген азаматтың азық-түлік салынған сөмкесінің ішкі тігістерінің арасына мұқият жасырылған қою жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік тектес затты тәркіледі.

Тыйым салынған заттарды 38 жастағы А. С. есімді Ақтөбе облысының тұрғыны абақтыда ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша айыпталушы досына жеткізбек болған.

– Орын алған факті бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, материал мекеменің арнайы есепке алу кітабына тіркелді. Сонымен қатар, процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласының ІІБ Астана ауданы бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобына жөнелтілді, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру