ШҚО полицейлері компьютерлік клубтар мен дүкендерге түнгі рейд жүргізген
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері компьютерлік клубтар мен дүкендерге түнгі рейд жүргізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нәтижесінде үш күн ішінде тәртіп сақшылары жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдері арасында 90-нан астам құқық бұзушылықты анықтады. Әр жағдай бойынша әкімшілік айыппұл салынды.
Үш күндік рейдке полиция қызметкерлері педагогикалық ұжымдармен және ата-аналар қауымдастығымен бірге шыққан, алайда балалар мекемелері: түнгі клубтар, барлар, мейрамханалар және компьютерлік клубтар тексеруге арналған обьектілерге айналған.
Мысалы, Өскеменде кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз еріп жүрулеріне жол бергені үшін ойын кітапханасы мен үш ойын-сауық мекемесінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Үш түн ішінде барлық облыс бойынша инспекторлар 200-ден астам түрлі мекемелерді тексерді.
– Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерді орындамағаны үшін барлығы бес заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 66 ата-анаға айыппұл салынды, – деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нүриев.
Жоғарыда аталған бұзушылықтардан басқа балаларға темекі өнімдерін сату фактілері тіркелді, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған үш жасөспірім анықталды.