Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын үйді “миналаған” павлодарлық анықталды

Тұрғын үйді “миналаған” павлодарлық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

– Ол 20 қыркүйекте Павлодар қаласы Катаев көшесі, 21 үй мекенжайы бойынша орын алған терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасады деп күдіктелуде, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Күдіктінің Павлодар қаласында жалдамалы пәтерде тұратыны анықталды. Оның айтуынша, 20 қыркүйекте ол қызымен ұрысып, мас күйінде “әзілдесуді” шешті. Кінәні мойындайды.

Қазақстан Республикасы ҚК 273-бабы шеңберінде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұлтартпау шарасы таңдалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру