Атырауда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды
Атырауда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласында 23-25 қыркүйек күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Атырау қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 23 қыркүйек күні сағат 21:45 шамасында Азаттық даңғылы бойында ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің іс-әрекеті күдік тудырған.
Автокөлік жүргізушісіне медициналық сараптамадан тексеру барысында есірткілік уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.
30 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.