Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер гашиш сатушыны ұстады

Елордалық полицейлер гашиш сатушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында есірткіні жеткізу және сатумен айналысатын арна жойылды. Полицейлер 45 жастағы қала тұрғынын есірткі затын сатпақ болған кезінде ұстады. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде 15 полиэтиленді орамаға салынған гашиш және ақшалай қаражат табылды.

Астананың Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Рустам Гасизовтың айтуынша, арнайы операция жүргізу кезінде 1 келіге жуық гашиш тәркіленген.

Күдікті кінәсін мойындады, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша (Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Елорда аумағында есірткі жеткізу және сатумен айналысқан сыбайластарын анықтау жұмыстары жалғастырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру