Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда үй алдындағы қоқыс үшін ПИК қызметкерлері жазаланды

Павлодарда үй алдындағы қоқыс үшін ПИК қызметкерлері жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері абаттандыру ережелерін бұзушыларды анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бұл қала аумағында, көппәтерлі үйлердің аулаларында, саябақтарда рұқсат етілмеген тұрмыстық және коммуналдық қалдықтардың үйінділері.

Жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін барлығы 5091 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

– Мысалы, 28 қыркүйекте Павлодар қаласында тұрғын үй қалдықтарының жинау фактісі бойынша Жаяу Мұса көшесіндегі үйдің тұрғындары полицияға жүгінді. Учаскелік полиция инспекторы осы үйге қызмет көрсететін ПИК қызметкерлеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 505-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғады. Оған ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды, – деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Марат Тілеулин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру