Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келесте көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды

Келесте көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд жүргізу барысында түнгі сағат 01:00 шамасында жүрісі күдік тудырған Audi 80 көлігінің жүргізушісін тоқтатты. Көлік жүргізушісімен тілдесу кезінде сақшылар оның мас болуы мүмкін екеніне күмәнданып, сараптамадан өткізді. Сараптама қорытындысы жүргізуші ер азаматтың алкогольді масаң күйде екендігін анықтады.

Автокөлік бірден айыптұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам УҰИ-ға қамауға алынды.

Сақшылар одан әрі қарай анықтау кезінде ер азаматтың бұған дейін соттың үкімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанын білді. Яғни, жүргізуші бұған дейін құқық бұзып, көлік жүргізу құқығынан айырылса да, одан қорытынды шығармаған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру