Павлодар облысында ЖКО салдарынан жолаушы көз жұмды
Павлодар облысында ЖКО салдарынан жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz
2 қазанда сағат 17.45 шамасында Омбы – Майқапшағай автожолының 549 шақырымында Аққулы ауылынан 25 км қашықтықта, Logan көлігінің 40 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, автокөлікті кюветке аударып жіберді.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктің 35 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші мен төрт жолаушы (2021, 2003, 1981, 1969 жылы туған) түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Полиция автокөліктің арнайы айып тұрағына қамалғанын атап өтті. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.