Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бұғаттауға жіберген есірткі сайттарының үштен бірін облыс тұрғындары анықтады

СҚО полицейлері бұғаттауға жіберген есірткі сайттарының үштен бірін облыс тұрғындары анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандықтар полицейлермен бірге нашақорлықпен және есірткі қылмысымен күресуге белсенді атсалысуда. Қазіргі заманғы технологиялар қылмыстық схемаларды күрт өзгертті, бүгінде өлімге әкелетін сусын саудасы да, таратушыларды жалдау да интернет кеңістігінде орын алуда. Полиция қызметкерлері құқыққа қайшы контентті анықтауда: «интернет-дүкендер», есірткі курьерлерін жалдау туралы хабарландырулар бұғаттау үшін бірден ІІМ-ге жібереді. Жыл басынан 167 ресурс бұғатталды. Бей-жай қарамайтын адамдар есірткі бизнесімен күреске елеулі үлес қосады. Бұл сілтемелердің шамамен үштен бірін облыс тұрғындары анықтады.

– Көбінесе адамдар Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының Instagram-дағы аккаунтының direct-бөліміне хабарламалар жібереді. Бұл әлеуметтік желі петропавлдықтар арасында танымал болғандықтан, халықпен байланыстың ең белсенді арнасы болып саналады. Жақында СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин синтетикалық есірткі жасырушыны ұстауға көмектескен қала тұрғынын марапаттады. Оның әрекетін видеоға түсііп алған әйел жазбаны көпшілікке жария етпей, бірден біздің аккаунтқа жіберді. Тез арада жеткен қызметкерлер есірткі жасырушыны ұстады, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Сондай-ақ, есірткі қылмысымен күресушілер Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуде, жақында танымал TikTok желісінде де өз жұмыстарын бастады. Барлық жерде полициямен байланыс бар. Сондай-ақ, есірткі құқықбұзушылықтары туралы WhatsApp-тағы +7-707-500-96-65 арқылы хабарлауға болады. Аға буын өкілдері үшін басқарманың кезекші бөлімінің 8 (7152) 39-72-16 телефоны немесе 8 (7152) 39-41-93 сенім телефоны ыңғайлы болуы мүмкін.

Солтүстікқазақстандық полицейлер 9 айдың ішінде 174 есірткі құқықбұзушылығын анықтады, оның ішінде 60-ы өткізу фактілері. Заңсыз айналымнан 411,5 кг түрлі есірткі заттары алынды. Оның 2,25 келіден астамы синтетикалық есірткілер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру