Таразда сотталған тыйым салған заттарды денесіне тыққан
Таразда сотталған тыйым салған заттарды түрмеге алып өтпек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түзеу мекемесінің тәртіп сақшылары тағы бір заңсыз әрекеттің жолын кесті. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 мекемесіне өзге абақтыдан ауысып келген сотталушы тыйым салынған заттарды алып өтпекші болған.
4 қазан күні сағат 11:30 шамасында айдауылдармен келген сотталғанды тексеру барысында оның денесінде бөгде заттар бар екені анықталды. Қырағы көз қызметкерлердің жедел әрекет етуінің нәтижесінде сотталушының жымысқы ойы жүзеге аспады.
Күдіктімен профилактикалық әңгімелесу барысында ол денесіне тығып алып өтпекші болған екі ұялы телефон және есірткі бар екенін мойындады.
Аталған факт бойынша Тараз қаласының 1-ПБ қызметкерлері шақыртылып, ҚР ҚК 29-6абының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.