Грантқа түспек болған ақтөбеліктер алаяққа алданып қалды
Грантқа түспек болған ақтөбеліктер алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына бірнеше зардап шеккендер жүгінді. Жәбірленушілердің айтуынша, жазда Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орындарына грантқа түсуге көмек көрсету сылтауымен таныс емес әйел ақшалай қаражатты иемденген. Қаражат таңдалған оқу орнына байланысты 900 мың теңгеден 2.5 млн теңгеге дейін өзгерген. Полицияға 4 жәбірленуші арызданды.
Мысалы, 24 жастағы жігіт қаланың жоғары оқу орындарының біріне грантқа түсу үшін күдіктіге 2.5 млн теңге берген. Ақша берілгеннен кейін әйел бірден байланысқа шығуды тоқтатқан. Одан кейін да осындай арызбен үш жәбірленуші полицияға жүгінген.
29 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.