Ақтөбе облысында 600-ге жуық адам ІІО есебіне қойылды
Ақтөбе облысында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 600-ге жуық адам ІІО есебіне қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтөбе облысының аумағында құқық бұзушылықтардың профилактикасындағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында 15 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Аталған кезеңде учаскелік полиция инспекторлары оларға бекітілген әкімшілік учаскелерде халықпен танысу, сондай-ақ әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол беретін адамдарды анықтау және олармен профилактикалық әңгімелер жүргізу үшін ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексеру мақсатында аула және пәтер аралауды жүргізеді.
Сондай-ақ, жалдамалы пәтерлер, азаматтық қару иелері, шетел азаматтары, базарлар мен өзге де сауда орындары, қолайсыз отбасылар, қоғамға жат әрекеттердің жолын кесу және қадағалаусыз қалу фактілерінің жолын кесу мақсатында жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындары тексеріледі.
Учаскелік полиция инспекторлары 590-нан астам адамды, оның ішінде 297 отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол берушілерді ІІО есебіне қойды. Іс-шара барысында жалға берілетін 104 пәтер анықталды, олар бойынша ақпарат Ақтөбе облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
Жалпы, жедел-профилактикалық іс-шара басталғаннан бері 3900-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде республикада тіркеусіз тұрғаны үшін 669 адам, ұсақ бұзақылық үшін 174 тұлға, қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін 417 бұзушы жазаға тартылды.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылықтың өкілдерін тарта отырып, проблемалық мәселелерді зерделеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізеді.