Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 600-ден астам мас жүргізушіні анықтады

Жамбылдық полицейлер 600-ден астам мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Жамбыл облысының аумағында мас жүргізушілерді анықтау бойынша күнделікті пысықтау жұмыстары жүргізіледі.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мас күйінде автокөлікті басқарудың 679 дерегін тіркеді. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мас күйінде көлік жүргізудің 83 дерегін анықтады. Осы санаттағы бұзушылардың жалпы санынан 8 адам жол-көлік оқиғасын жасады, 32 жүргізуші мас күйінде көлік басқаруға қайта отырған.

– Жазаны қатаңдату адамдардың мас күйінде көлікті жүргізуін тоқтатпай тұр. Құқық бұзушылар өздерінің жауапсыздығымен басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылады, кем дегенде 15 тәулікке қамаққа алынады. Азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың барлық жауапкершілігін түсінудің маңыздылығын атап өткім келеді. Сіз осындай немесе өзге де құқық бұзушылықтың қаншалықты қайғылы болатынын ешқашан білмейсіз, – деді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ержан Мананбаев.

Көлік жүргізушінің бағынбайтын кездері де болады, қудалауға тура келеді, қызметкерлерге қарсылық көрсетеді. Ал мас жүргізушілер медициналық тексеруден өтуден бас тартып қана қоймай, жанжал шығарады. Бұның соңы 15 тәулікке қамаққа алынып, 8 жыл жүргізуші куәлігінен айырылуға әкеп соғады. 

– Бұдан басқа, мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған және сот шешімімен автокөлікті басқару құқығынан айырылған жүргізушілер 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады, – деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру