Ақтөбе облысында жыл басынан бері 90 келіден астам есірткі тәркіленді
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 90 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мен есірткі ахуалын тұрақтандыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенін қабылдауда.
Есірткінің жаңа түрлерінің, оның ішінде синтетикалық түрлерінің пайда болуына ықпал ететін себептер мен факторлардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде.Осы жылдың 9 айында Ақтөбе облысының аумағында 292 есірткілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 121 қылмыс, 171 есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс жасау саласындағы қылмыстық теріс қылық тіркелген. Тәркіленген және заңсыз айналымға жіберілмеген есірткінің салмағы 90 келіден асты.
Жыл басынан бері ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-4-бабы бойынша 96 факті анықталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің 6 фактісі анықталды.
Бүгінгі таңда елдегі басты проблемалардың бірі – синтетикалық есірткінің таралуы. Мәселен, осы жылдың қыркүйек айының соңында Ақтөбе облысы ПД қызметкерлері Ақтөбе қаласының аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады, оған қатысты жүргізілген тінту іс-шаралары барысында одан 800 грамнан астам синтетикалық мефедрон есірткісі тәркіленді.