Павлодар облысында заңсыз ауланған балықты тасымалдаған тұрғын ұсталды
Павлодар облысында заңсыз ауланған балықты тасымалдаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Ақсу қаласында сағат 07.20-да патрульдеу кезінде 32 жастағы павлодарлықтың басқаруымен ВАЗ-21043 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде автокөліктің салонында ер адам жаңа ауланған мөңке тұқымды балықпен толтырылған қапты алып жүргені анықталды. Аулаудың жалпы салмағы 27 келі болды. Бұл ретте қала тұрғынында мұндай балыққа тиісті құжаттар болған жоқ.
Оның айтуынша, ол түнгі балық аулаудан оралып, балықты үйіне апарады.
Алайда полицейлердің айтуынша, заң бойынша балық аулау тек бес келіге дейін рұқсатсыз жүзеге асырылады. Сондықтан, балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін сақтамағаны үшін балықшыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.