ШҚО тұрғыны тыйым салынған діни әдебиеттерді газет дүңгіршегінде сатқан
ШҚО тұрғыны тыйым салынған діни әдебиеттерді газет дүңгіршегінде сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ШҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемендегі газет дүңгіршектерінің бірінде Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни әдебиеттер мен атрибуттарды іске асыру фактісін анықтаған.
Нәтижесінде 50 жастағы өскемендік тұрғын ұсталып, тәртіп сақшылары одан 12 кітапты тәркіленді.
27 қыркүйекте Өскемен қаласы әкімшілік сотының шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материалды қарау барысында қала тұрғынына діни әдебиеттер мен атрибуттарды жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз белгіленбеген жерде сатқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте табынушылық кітаптарын заңсыз сатқаны үшін: жеке тұлғаларға – 50 АЕК және заңды тұлғаларға – 200 АЕК мөлшерінде айыппұлдар қарастырылғанын атап өткен жөн.