Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ер адам танысының атына несие рәсімдеп алған

Ақтөбе облысында ер адам танысының атына несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полицияға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, танысы қоңырау шалу сылтауымен телефонын сұрап алып, оның атына онлайн ақшалай несие рәсімдеген. Несиелік өтінім мақұлданғаннан кейін ақшаны бірден өз банк шотына аударып алған.

Бұл туралы жас жігіт бір апта өткеннен кейін банктен хабарлама келгесін білген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Олар жәбірленушінің ағасының досы болып шықты.

Белгілі болғандай, ер адам ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен 200 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру