ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды
ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қазанда ШҚО полиция қызметкерлері Шемонаиха қаласының Вокзальная көшесінде көлік басқарған 30 жастағы жүргізушіні ұстады. Тексеру барысында ұсталған адамның бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бап 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.
Көлік жүргізу құқығынан айырылған шығысқазақстандық қайта рөлге отырғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалауы не он тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.