Атырауда көлік басқару құқығы жоқ жүргізушілер қамауға алынды
Атырауда көлік басқару құқығы жоқ жүргізушілер қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атырау қаласы аумағында 12-19 қазан аралығында патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізу құқығы жоқ болса да, көлік басқарған бес жүргізушіні анықтап, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Мәселен, 16 қазанда Әуезов көшесінен патрульдік полиция қызметкерлері Ваз маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында аталған көлік жүргізушісінің көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Ол өзінің уақытша ғана көлікті жүргізгендігін айтып, өз кінәсін мойындаған.
Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, 35 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.
Айта кетейік, тәртіп сақшылары жыл басынан бері көлік құралын басқару құқығынан айырылған күйде көлік басқарған 60-тан астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда