Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада тұрғын үй кешенінің лифтісінде мониторды сындырған бұзақы ұсталды

Елордада тұрғын үй кешенінің лифтісінде мониторды сындырған бұзақы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде видео тараған болатын, онда жас жігіт лифтінің кабинасында орнатылған мониторды әдейі сындырған.

Астана қаласының ПД Сарыарқа ауданының ПБ полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қаланың 22 жастағы тұрғынын ұстады. Жігіттің бұзақылық әрекеттері «SafeLift» компаниясының камералары объективіне түсіп қалған.

Бұзақы достарымен бірге өзінің туған күнін көңілді атап өтіп, Сарыарқа даңғылындағы елордалық ТК-нің бірінің лифтісіне кіргені анықталды. Содан кейін, туған күн иесі бұзақылық ниетпен монитор экранын сындырған.  

Сондай-ақ, тексеру барысында бұл оның қоршаған ортаға сыйластықтың жоқтығын көрсететін қоғамдық тәртіпті бұзудың алғашқы фактісі емес екендігі анықталды.

Бұрын сағат 04.00 шамасында Байтұрсынов көшесіндегі «Панаехали» барында келушілер арасында төбелес болған. Бұл факті бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Қазіргі уақытта құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен бұзушы 7 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру