Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде түзеу мекемесінің қызметкерлері ерекше балаларды қуантты

Ақтөбеде түзеу мекемесінің қызметкерлері ерекше балаларды қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп, “Ғажап” мүгедек балалар қоғамдық бірлестігіндегі балаларды тәттілер мен жеміс- жидектер және сыйлықтармен қуантты.

Іс-шараны ашқан “Ғажап” мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі басшысының міндетін атқарушы Инна Санина Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының аға иснпекторы Нұргүл Жұмағұлова және департаментке қарасты №8 түзеу мекемесінің жасақ бастығы Сәндібек Дюзембаев, балалар мен олардың ата-аналарын мерекемен құттықтап, барлық жақсылықты тіледі.

Көңілді кешті жалғастырған “Жұбанов жылуы” еріктілер қозғалысының ерікті студенттері ортаны әдемі әндерімен және билерімен толтырып, “Қызыл телпек” ертегісінен қойылым қойды.

50-ге жуық ерекше балалар түрлі емдік қолдаулар алып келетін қоғамдық бірлестіктегі іс-шара биылғы Балалар жылына және 25 қазан Республика күнін мерекелеуге арналды.

– Әр мереке сайын біз балаларды жинап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуантуға тырысамыз. Сонымен қатар жалпы жұмыс барысында аптасына бір рет ерекше балалардың ата-аналарына арналған психологиялық тренингтер өткіземіз. Балалар массаж және логопед бойынша ем алады. Сондай-ақ ерекше ересек балалар және ерекше баласы бар отбасында тәрбиеленіп келетін ересек балалар үшін де психологиялық тренингтер ұйымдастырамыз, –  дейді “Ғажап” мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі бастығының міндетін атқарушы Инна Санина.

Айта кету керек, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық бөлімі бұған дейін де “Ғажап” мүгедек балалар қоғамдық бірлестігімен тығыз қарым-қатынаста болып, балаларға жылы киімдер және сотталғандардың қолынан шыққан бұйымдар сыйлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру