Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясында Жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті

Алматы академиясында Жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Кеңес отырысына академияның жас ғалымдары мен Жоғары оқу орнынан кейінгі факультеттің (№3 факультет) ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыт бойынша білім алып жүрген магистранттары мен докторанттары қатысты.

– Өркениетті елдерде ғалымдар ең жоғарғы зияткерлік топ саналады. Ғылымда жаңаша әрі жақсы нәтижеге жету үшін зерттеушілер қатары көп болуы керек. Осыған орай Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов та «Ғылымға ерекше ден қойылуы керек» деген тапсырма беріп жатыр. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым туралы «Біз ғылымға шынайы берілген азаматтарды ғана қолдауымыз қажет. Оның жолдарын жан-жақты ойластырған жөн» деген болатын. Бүгінгі ғылыми отырыстың мақсаты – міндеттердің орындалу барысын талқылау, – деді Жас ғалымдар кеңесінің отырысын ашқан академия басшысы А. Сайтбеков

Кеңесте Жас ғалымдар кеңесінің құрамын сайлау және бекіту туралы мәселе қозғалды.

Сондай-ақ 3-курс докторанты А. Берекеновтың «Сандық валюталарды пайдалана отырып жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың ерекшеліктері» атты диссертациялық зерттеу тақырыбы мен басқа да бірнеше ғылыми жұмыс талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру