Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік әйел үй аламын деп 2 млн теңгесінен айырылды

Шымкенттік әйел мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп екі млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

19 қазанда кешкі сағат 20:59-да Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында жеті жылдан бергі танысы «Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген жолмен, яғни әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріліп жатқан пәтерлердің бірін алуға көмектесемін» деп 2 млн теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны екі тәулікте қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Үш баланың анасы, жұмыссыз.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру